ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ (ХИРУРГ)
Жұмыс орны: «Тайшыбай медициналық орталығы», Атырау қаласы
Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл; және одан жоғары.
Жұмыс кестесі: 09:00–18:00, толық жұмыс күні
«Тайшыбай медициналық орталығы» – Атырау өңірінде заманауи «Бір күндік хирургия» форматын енгізіп жатқан озық медициналық орталық. Біздің стратегиялық мақсатымыз – Атырау қаласын Атырау мен көршілес өңірлерден емделушілер арнайы келетін ірі медициналық орталыққа айналдыру.
Біз «Бір күндік хирургия» бағытын бірге дамытатын, аз инвазивті хирургияға қызығушылығы жоғары, кәсіби деңгейі мықты және дамуға ұмтылатын травматолог-ортопед дәрігерін іздейміз.
Сіздің міндеттеріңіз қандай?
• Пациенттерді қабылдау, тексеру және диагноз қою;
• Емдеу жоспарын әзірлеу және пациенттерге толық түсіндіру;
• Травматологиялық және ортопедиялық хирургиялық араласуларды орындау;
• Отаға дейінгі және отадан кейінгі бақылауды жүргізу;
• Медициналық құжаттаманы МИС жүйесінде дұрыс және уақытылы жүргізу;
• Пациенттердің қауіпсіздігі мен жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтау;
• Клиниканың «Бір күндік хирургия» бағытын дамыту жобасына белсенді қатысу.
Біздің күтетін нәтижеміз:
• Пациенттің клиникаға келіп, ота жасалып, ауырсынудан бір күн ішінде арылып, ризашылықпен үйіне қайтуы;
• Еліміздің басқа өңірлерінен арнайы іздеп келетін пациенттер ағынын қалыптастыру;
• Атырау қаласын заманауи хирургия және «Бір күндік хирургия» бағытының өңірлік орталығына айналдыру.
Сізде қандай құралдар болады?
• Заманауи операциялық блок және МИС жүйесі;
• Пациенттер ағынын қамтамасыз ететін кәсіби колл-орталық командасы;
• Заманауи артроскопиялық жабдықпен жұмыс істеу мүмкіндігі;
• Бюрократиядан ада, кәсіби өсуге бағытталған орта.
· Табыс жүйесі: Сіздің табысыңыз тікелей жасаған жұмысыңызға байланысты — ашық пайыздық жүйе бойынша есептеледі;
· Шетелде кәсіби тағылымдама: жоғары нәтижелер көрсетіп, клиникамен бірге дамытуға дайын болсаңыз, шетелдік медициналық орталықтарда біліктілігіңізді арттыру шығындарын клиника толықтай өз мойнына алады;
· Басқа қаладан келетін мамандар үшін: айына бірнеше күнге келіп-кететін ыңғайлы график, жол шығындары мен жайлы жатын орны толықтай клиника есебінен төленеді;
· Кәсіби еркіндік: Ескі жүйенің бюрократиясынсыз, тек емдеумен және өз шеберлігіңізді шыңдаумен айналысу мүмкіндігі.
1. Травматология және ортопедия мамандығы бойынша жоғары медициналық білім;
2. Кемінде 1 жылдық хирургиялық тәжірибе;
3. Артроскопиялық оталарды жасау тәжірибесі — үлкен артықшылық;
4. Жарамды маман сертификаты;
5. Жаңа технологияларды үйренуге және дамуға деген ұмтылыс.
1. Түйіндемелерді қарау — Сіздің тәжірибеңіз бен жасаған оталарыңыздың профилімен танысамыз;
2. Алғашқы сұхбат (Онлайн/Офлайн) — Клиника басшысымен кәсіби құндылықтар мен жұмыс форматын талқылау;
3. Жұмысқа шақыру (Оффер) — Шарттарды бекітіп, ынтымақтастықты бастау.
"Тайшыбай медициналық орталығы" — Атырау қаласы