Біз «Бір күндік хирургия» бағытын бірге дамытатын, аз инвазивті хирургияға қызығушылығы жоғары, кәсіби деңгейі мықты және дамуға ұмтылатын флеболог дәрігер іздейміз.
Сіздің міндеттеріңіз қандай?
• Пациенттерді қабылдау, тексеру және диагноз қою;
• Емдеу жоспарын әзірлеу және пациенттерге толық түсіндіру;
• Флебологиялық араласуларды орындау;
• Отаға дейінгі және отадан кейінгі бақылауды жүргізу;
• Медициналық құжаттаманы МИС жүйесінде дұрыс және уақытылы жүргізу;
• Пациенттердің қауіпсіздігі мен жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтау;
• Клиниканың «Бір күндік хирургия» бағытын дамытуға және медициналық туризм жобасына белсенді қатысу.
Біздің күтетін нәтижеміз:
• Пациенттің клиникаға келіп, ота жасалып, ауырсынудан бір күн ішінде арылып, ризашылықпен үйіне қайтуы;
• Еліміздің басқа өңірлерінен арнайы іздеп келетін медициналық туристер ағынын қалыптастыру;
• Атырау қаласын заманауи хирургия және «Бір күндік хирургия» бағытының өңірлік орталығына айналдыру.
Сізде қандай құралдар болады?
• Заманауи операциялық блок және МИС жүйесі;
• Пациенттер ағынын қамтамасыз ететін кәсіби колл-орталық командасы;
• Заманауи лазерлік жабдықпен жұмыс істеу мүмкіндігі;
• Бюрократиядан ада, кәсіби өсуге бағытталған орта.
Табыс жүйесі: Сіздің табысыңыз тікелей жасаған жұмысыңызға байланысты — ашық пайыздық жүйе бойынша есептеледі (табыс шектелмеген);
Шетелде кәсіби тағылымдама: жоғары нәтижелер көрсетіп, клиникамен бірге медициналық туризмді дамытуға дайын болсаңыз, шетелдік жетекші медициналық орталықтарда (Түркия, Еуропа, Оңтүстік Корея т. б.) біліктілігіңізді арттыру шығындарын клиника толықтай өз мойнына алады;
Басқа қаладан келетін мамандар үшін: айына бірнеше күнге келіп-кететін ыңғайлы график, жол шығындары мен жайлы жатын орны толықтай клиника есебінен төленеді;
Кәсіби еркіндік: Ескі жүйенің бюрократиясынсыз, тек емдеумен және өз шеберлігіңізді шыңдаумен айналысу мүмкіндігі.
Ангиохирургия мамандығы бойынша жоғары медициналық білім;
Кемінде 1 жылдық хирургиялық тәжірибе;
ЭВЛК оталарды жасау тәжірибесі — үлкен артықшылық;
Жарамды маман сертификаты;
Жаңа технологияларды үйренуге және дамуға деген ұмтылыс.
1. Түйіндемелерді қарау — Сіздің тәжірибеңіз бен жасаған оталарыңыздың профилімен танысамыз;
2. Алғашқы сұхбат (Онлайн/Офлайн) — Клиника басшысымен кәсіби құндылықтар мен жұмыс форматын талқылау;
3. Жұмысқа шақыру (Оффер) — Шарттарды бекітіп, ынтымақтастықты бастау.
"Тайшыбай медициналық орталығы" — Атырау қаласы