Компаниямызды дамыту мақсатында мобилограф/smm іздейміз.
Біздің мақсатымыз – әлеуметтік желілер арқылы брендті дамыту, контент сапасын арттыру және сатылым көлемін көбейту.
AiloMarket — балалар мен үйге арналған тауарларды сататын компания. Біз клиенттерімізге сапалы тауарлар ұсынып, Қазақстан бойынша қызмет көрсетеміз. Қазіргі таңда Instagram және басқа да әлеуметтік желілердегі белсенділігімізді күшейту үшін командаға жаңа маман іздеудеміз.
Сіз видео түсіргенді ұнатасыз ба? Instagram, Reels, TikTok әлемі сізге жақын ба? Шығармашылық қабілетіңіз бар ма?
Онда біз сізді іздеп жүрміз.
Бізге жауапты, белсенді және нәтижеге жұмыс істей алатын мобилограф/smm қажет.
• Фото және видео контент түсіру;
• Reels және Stories үшін материал дайындау;
• Instagram парақшасын жүргізуге көмектесу;
• Контент жоспарын орындау;
• Апта сайын атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру;
• Компанияның сатылымын арттыруға үлес қосу.
Сізде қандай құралдар болады?
Компанияның Instagram аккаунты.
Контент үшін тауарлар. Барлық тауарлар түсірілім жасауға беріледі.
Түсірілім локациялары. Складта, сыртқы локацияларда контент түсіру мүмкіндігі бар.
Дайын идеялар мен тапсырмалар. Контент жоспарымен және негізгі тапсырмалармен қамтамасыз етіледі.
• Мансаптық өсу мүмкіндігі;
• Маркетинг, сату және контент жасау саласында тәжірибе;
• Нәтижеге қарай табысты арттыру мүмкіндігі;
• Компаниямен бірге даму мүмкіндігі;
• Жаңа идеяларды ұсыну және жүзеге асыру еркіндігі;
• Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша тәжірибе жинау.
• Уақытында тапсырма орындау;
• Үнемі даму және жаңа нәрсе үйренуге дайын болу;
• Командамен жұмыс істей білу.
• Әр аптаның соңында атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша есеп тапсырылады.
• Түсірілген видеолар саны;
• Жарияланған посттар мен Reels;
• Instagram көрсеткіштері;
• Орындалған тапсырмалар;
• Келесі аптаға ұсыныстар мен идеялар.
Біз жауапкершілігі жоғары, ұзақ мерзім жұмыс істеуге дайын кандидаттарды қарастырамыз. Алдымен сұхбаттасу өткізіледі, кейін 1 апталық сынақ мерзімі болады.
Сынақ мерзімі барысында кандидаттың:
• Контент түсіру қабілеті;
• Тапсырмаларды орындау сапасы;
• Әлеуметтік желілермен жұмыс тәжірибесі бағаланады.
Егер сіз видео түсіруді ұнатсаңыз, дамуға дайын болсаңыз және нәтижеге жұмыс істегіңіз келсе, біздің командаға қош келдіңіз!
Тұрғылықты мекенжайы: ТЦ Малика, проезд 69,1а